«Гинкго» ағашы - Хиросимадағы атом бомбалауынан аман қалған ағаш. Сол кезден бастап ол Хиросима қаласы тұрғындарының ерлігі мен үмітінің нышанына айналған.
Еске сала кетейік, ядролық сынақтарға қарсы күрес күні Семейде Бейбітшілік акциясы өткен. Дәстүрге айналған Бейбітшілік акциясы Полковничье аралында ядроға қарсы форумның қатысушыларының қатысуымен үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы марш музыкасымен өтті. «Заман-ай» әні орындалғанда жиылғандар Семей полигонында болған ядролық сынақтан жапа шеккендерге арналған «Өлімнен күшті» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Акцияға қатысушылар зұлматты басынан кешкен азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.