Семейліктер Астанадағы әскери шеруді тамашалап жатыр
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтіп жатыр, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Фото: Абай облысының әкімдігі
Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін облыс орталығындағы Арбатқа барды.
Фото: Абай облысының әкімдігі
Ардагерлер, облыстық мәслихат депуттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар алаңқайға қойылған LED-экранның қасына жиналды.
Фото: Абай облысының әкімдігіФото: Абай облысының әкімдігі
Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа қатысуға Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация аттанды. Оның ішінде тыл және еңбек ардагерлері бар.