Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем кубогының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM —  Астана қаласында алғаш рет өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогында командалық сайыс өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қазақстан ерлер командасы алғашқы кездесуінде Польшаны (42-41), ал ширек финалда АҚШ құрамасын 45-40 есебімен жеңді.

Енді біраздан соң Қазақстан мен Франция финалға берілер жолдаманы сарапқа салады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Екінші жартылай финалда Италия мен Жапония сынға түседі.

Айта кетейік, бүгін әлем кубогының шешуші күні. Жарысты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Бұдан бұрын семсерлесуден Астанадағы әлем кубогында ел қоржынына алғашқы жүлде түскені анықталды.