Үздік 32 спортшының қатарына ену үшін Қазақстан атынан Азияның қазіргі чемпионы Ирина Бакалдина мен София Николайчук бақ сынады.
Бакалдина тартысты өткен кездесуде украиналық Эмили Конрадқа небәрі бір ұпай айырмасымен 14:15 есебімен жол берді. Ал Николайчук канадалық Джулия Иньмен кездесіп, 10:15 есебімен есе жіберді.
Ертең жекелей сындағы медаль үшін күресті Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, сондай-ақ қылыш сайысынан Карина Доспай, Айгерім Сарыбай және Анастасия Гулик жалғастырады.
Айта кетелік Артем Матусевич академиялық ескек есуден U23 әлем чемпионатының финалына шыққан еді.