Үздік 16 спортшының қатарына өту үшін Қазақстан құрамасының екі өкілі – Руслан Құрбанов пен Кирилл Проходов сынға түсті.
Кирилл Проходов тартысты өткен кездесуде Дания өкілі Конрад Констадты 15:9 есебімен жеңді.
Руслан Құрбанов 1/16 финалда Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарының командалық сайыстан чемпионы, Әлем кубогының бірнеше дүркін жүлдегері жапониялық Риу Мацумотоға қарсылас атанды. Өкінішке қарай, Құрбанов қосымша минутта небәрі бір ғана соққы айырмасымен 9:10 есебімен есе жіберді.
Қазақстан уақытымен сағат 12:05-те Кирилл Проходов әлем чемпионатының үздік сегіз спортшысының қатарына жолдама алу үшін бақ сынайды.
Айта кетелік Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енген еді.