Сенат сайлауы: Шымкентте Нұрлан Бекназаров ең көп дауыс жинады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті депутаттарын сайлауда Шымкент қаласы бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Шымкет қаласынан таңдаушы ретінде тіркелген маслихаттың 30 депутаты дауыс беруге толық қатысты. Алдын ала нәтижеге сәйкес, үш үміткердің ішінен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров (76,7%) ең көп дауыс жинады. Оның кандидатурасын 23 таңдаушы қолдаған.

ОСК ақапарты бойынша сағат 10:45-тегі жағдайға сәйкес, еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізілді.

Айта кетейік, Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.


Фото:wikimedia.org