Сенатор А.Бижанов Алматы қаласындағы сайлаушылармен және еңбек ұжымдарымен кездесті

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Бижанов Алматы қаласындағы сайлаушылармен және еңбек ұжымдарымен кездесті.

Алматы жол белгілері зауытының ұжымымен, Алматы қаласының ардагерлер кеңесімен және «Нұр Отан» ХДП жастар қанатының активімен кездесуде сенатор А.Бижанов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелеріне, Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі еңбеккерлердің рөліне егжей-тегжейлі тоқталды.

А.Бижанов Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласындағы маңызды да көкейкесті мәселелерді атап өтті.

- «Біз Президенттің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттерді қаланың әр тұрғынына жеткізуіміз керек», - деді А.Бижанов. Елбасының мақаласы осы замандағы өзекті мәселелерді іске асырудағы нақты шаралардың ғылыми негізделуі болып табылады, деді ол.

А.Бижановтың айтуынша, «республикамыздың осы кездегі дамуына аса қажетті осы Бағдарламалық құжатта әрбір қазақстандыққа деген қамқорлық, оның құқықтары мен босандығын сақтау, білім беру, денсаулығын сақтау, еңбек етуге атсалысуда бірдей мүмкіндік жасау басты назарға алынған».

Кездесу барысында Сенат комитетінің төрағасы сайлаушылардың көптеген сауалдарына жауап берді.