АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Слайман Арабиатпен кездесті. Кездесуге сенатор Мұхтар Алтынбаев та қатысты.Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардағы және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Елші Иорданияда кезектен тыс өткен парламенттік сайлау туралы хабардар етті.
Әңгіме барысында Қазақстан мен Иордания арасында жоғары деңгейдегі белсенді және жемісті байланыстармен ерекшеленетін тығыз қатынастар қалыптасқанын атап өтті.