Сенатор полиция жұмысына қатысты ұсыныстар айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы қылмыстық құқық бұзушылықтың 16 пайызға төмендеуі үрдісі сақтады. Бұл туралы елордада Полиция департаменті ұжымымен кездесу барысында сенатор Владимир Волков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы қылмыстық құқық бұзушылықтың 16 пайызға төмендеуі үдерісі сақталды. Орта және ауыр емес қылмыстар саны қысқарды. Адам өлтіру, қарақшылық, тонау, зорлау, бұзақылық әрекеттері азайды», - деді Владимир Волков.

Депутаттың айтуынша, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстық құқық бұзушылық фактілері азайды. Бұл тұрғыда атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар төмендеді.

«Сіздердің қызметтеріңіз ел азаматтары мүдделерімен және қауіпсіздікпен тікелей байланысты. Сондықтан да Ішкі істер министрлігінің жұмысы айқын әрі жүйелі түрде ұйымдастырылуы тиіс. Полиция өз жұмысында ашық болуы керек, алайда ол үшін сіздердің қоғамдастықпен диалогтарыңыз қажет», - деді сенатор.