Сенатор Тағымов Ақтөбе облысындағы кәсіпорындарды аралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты депутаттарының аймақтарға сапары одан әрі жалғасуда.

Бұл күндері сенатор Марат Тағымов Ақтөбе облысында жұмыс бабындағы сапарда жүр. Депутат облыс орталығы мен Алға ауданында жергілікті мәслихат депутаттарымен және жұртшылықпен кездесу өткізді.

М.Тағымов «Айбек» қалбырлау зауытында және Ақтөбедегі қалалық жылыжай шаруашылығында болды. Сенатор Алға ауданындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қаржыландырылған ет өңдеу кешені және «Алға жылу» КМК тазарту ғимаратының жұмысымен танысты, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшылығымен кездесті. Еңбек ұжымдарымен жүздесу барысында аймақтың экономикалық өркендеуі мен әлеуметтік мәселелерді шешу туралы әңгіме өрбіді.

Сенатор М.Тағымов алдағы уақытта Мәртөк және Әйтеке би аудандарына баруды жоспарлады.