Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Іс-шараларының жалпыұлттық жоспарын орындау мақсатында әзірленді.
Заң жобасы бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 922-бабына сілтеме жасайтын норманы көздей отырып, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 267-бабының қағидаттары мемлекеттік органның не лауазымды адамның заңсыз актілер шығаруы нәтижесінде меншік иесі құқықтарының бұзылғаны үшін мемлекеттің жауаптылығын белгілеу бөлігінде нақтыланады.
Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау туралы норманы нақтылау мақсатында, кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi өте болмашы бұзуы критерийлерін белгілейтін қағида көзделген. Оларға:
1) орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбастан) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он пайызынан кемін құрауы;
2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі үш айдан кем болмауы жатады.
Бұдан өзге заң жобасы кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану негіздерін нақтылайтын, сондай-ақ банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесін қарыз алушы-жеке тұлғаға арналған ескертпемен толықтыратын ережемен толықтырылған.
Сондай-ақ, оған қатысты қазіргі уақытта жою рәсімдері жүргізіліп жатқан «Валют-Транзит-Банк» АҚ-да салымдар ашқан азаматтар үшін депозит бойынша есебіне жазылған сыйақысыз бес миллион теңге мөлшерінде жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беруге қатысты ережелерді қолдану туралы қағида көзделген.
Сондай-ақ бүгін Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Құжат мақта шауарашылығын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді.
Заң жобасымен «Мақта саласын дамыту туралы» заңға мақта өңдеу ұйымдарына кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға шектеулерді алып тастау туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады, ол мақташылардың қажеттіліктері мен мақта өндірісінің маусымдық сипатына сәйкес икімділікті қамтамасыз етеді. Бұл мақта өңдеу ұйымдарына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің несие ұйымдарына өз мүліктерін аманатқа бере отырып, мақта шикізатын сатып алуға қатысуға, сондай-ақ көктемгі егіс және мақта жинау жұмыстарын келісім шарт жасау арқылы қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Заң жобасымен мақта шикізатын дайындау және сатып алу үдерістерін, мақта дайындаушы ұйымдардың қызметін реттеу, олардың қызметіне талаптар бекіту ұсынылды.
Сондай-ақ заң жобасымен «Мақта саласын дамыту туралы» заңда көзделген мақта өңдеу ұйымдарына шектеулерді бұзғаны үшін еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әкімшілік жауаптылық енгізу туралы тиісті өзгерістер қарастырылып отыр.
Сенаторлар сондай-ақ «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңң жобасын да қарады.
2010 жылғы 29 сәуірдегі № 980 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылды, оған сәйкес фитосанитариялық тәуекелді талдауды міндетті жүргізу өсімдіктер карантині және оларды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы негізгі іс-шаралардың бірі болып табылады.
Осыған байланысты, заң жобасында фитосанитариялық тәуекелді жүйелі талдауды жүргізуді қамтамасыз ету үшін өсімдіктер карантині саласындағы үш мемлекеттік мекемені (Республикалық карантиндік зертхана, Жеміс-жидек дақылдарының интродукциялық-карантиндік питомнигі және Дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигі) бір республикалық мемлекеттік мекемеге біріктіру және жаңа құрылатын мекемеге фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүргізу жөніндегі функцияны беру көзделген.
Заң жобасын қабылдау өсімдіктер карантині саласындағы жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыруға, фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтарды азайтуға, аталған саладағы ұлттық заңнаманы халықаралық талаптарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
Комитет отырысында сол күні «Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.
Бұл келісімнің мақсаты Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, оның ішінде су биологиялық ресурстарын басқару болып табылады.
Келісімді іске асыру Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану саласындағы Каспий маңы елдерінің күш-жігерін біріктіруге және ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдеседі.
Ал Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің бүгінгі кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.