Сенегал БРИКС-ке қосылуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Сенегал БРИКС-ке қосылу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Ясин Фалл мәлімдеді, деп жазады ТАСС.
Оның айтуынша, Сенегал өзінің тұрақтылығы, ресурстары және индустрияландыруға ұмтылысы арқылы бірлестікке үлес қоса алады.
Seneplus порталының мәліметінше, Фалл БРИКС-тің пікір алмасу және коммерциялық ресурстарға қол жеткізу үшін кеңірек мүмкіндік беретін платформа екенін атап өтті.
2006 жылы құрылған БРИКС Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және 2011 жылы қосылған Оңтүстік Африка Республикасын біріктіреді. 2024 жылдың тамызында бірлестік қатары Мысыр, Иран, БАӘ, Сауд Арабиясы және Эфиопиямен толықты. Бұл ретте Аргентина 2023 жылдың соңында оған қосылудан бас тартты. 2024 жылғы қазан айында Казанда өткен саммитте «серіктес елдер» санаты енгізіліп, оған Беларусь, Боливия, Қазақстан, Куба, Малайзия, Таиланд, Уганда, Өзбекстан және Нигерия кірді. Алғашында серіктес аталған Индонезия 2025 жылдың 6 қаңтарынан бастап толыққанды мүше болды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бразилия БРИКС-ке төрағалық етеді.
Бұған дейін Сенегалдағы президент сайлауында ең жас кандидат жеңіске жеткені анықталды.