Сенегалдық қақпашы уақытты созу үшін өз аяғын өзі ұрды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенегал құрамасының қақпашысы Кадим Н'Диай Алжирға қарсы Африка Кубогы топтық кезеңінің қорытынды турында матчтың екінші таймының аяқталуына жақындаған сәтте уақытты созу үшін өзінің аяғын өзі ұрды.

Видеодағы көрініс YouTube-тағы Football Motion арнасында жарияланған.

Оқиға кездесудің 90-шы минутында есеп 2:2 болғанда орын алды. Н'Диай өзін ұрып, газонға құлап, медициналық көмекті күтті.

Кейіннен қақпашы ешқандай гол болмаған матчты жалғастырды. 

Тең түсу Сенегалдың жеті ұпай жинап, B тобынан бірінші орынға шығуына мүмкіндік берді. Ширек финалда команда Камерунмен кездеседі.