Бұл туралы Сербия президенті Александр Вучич мәлімдеді.
— Бес-алты айдан кейін бірнеше муниципалитетте сайлау өтеді, ал келесі жылдың соңында мерзімінен бұрын парламенттік сайлаудың өткізуін күтемін, — деп атап өтті мемлекет басшысы халыққа жасаған үндеуінде.
Сонымен қатар, Сербия президенті өз жақтастарынан парламент ғимаратының маңында орнатылған палаткалық лагерьді таратуын сұрайтынын айтты. Бірақ Вучич бұл талапты олар орындауы мүмкін бе, соны білмейтінін жеткізді.
Сербияда 2024 жылдың қарашасынан бері наразылық акциялары жалғасып келеді. Нови-Сад теміржол вокзалында шатыр құлап, 16 адамның өмірін қиды. Акцияға қатысушылар бұл трагедия үшін ел билігін кінәлап, мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды өткізуді талап етіп отыр.
Бұдан бұрын Александр Вучичтің 10 мыңнан астам жақтаушысы көшбасшының саясатын қолдайтынын көрсету үшін Белградқа жиналғаны белгілі болды.