«Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында елордада 2017 жылдың қазанынан бастап 20 желілік жол учаскесінде «Bus Line» бойынша бұзушылықтарды жазып алатын «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды. Кешен жол қозғалысын тәулік бойы автоматты түрде бақылау мүмкіндігін ұсынады. Сонымен бірге, көлік құралдарының жол-жүру ережелерін бұзуын қашықтан жазып алуға арналған. «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізу қалада жол-көлік оқиғалары санының қысқаруына айтарлықтай ықпал етті», - дейді Бақытжан Малыбаев.
Оның айтуынша, Астанада 2017 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғалары 1,7 пайызға төмендеген.
«Сергек» АБК іске қосылғаннан бастап 2017 жылдың аяғына дейін 242 миллион теңгеден астам айыппұлды құраған 35 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді. Жыл басынан бері айыппұлдың жалпы мөлшері 9 миллион теңгеден астам 1 580 құқық бұзушылық тіркелді», - дейді Малыбаев.