«Жыл басынан бері отандық құрылыс материалдары бағасының өсуі 25 пайызды құрады. Құрылыс материалдары бағасының негізгі өсуі сыртқы нарықтардағы баға жағдайымен негізделген. Бұл өзгерістер арматура (өсім 45%), кабель (20%), профлист (70%), шыны (35%) және басқа да материалдар құнына әсер етті», - деді С. Жұманғарин.
Оның айтуынша, бағаның өсуінің негізінде электр энергиясына тарифтердің орташа - 12%-ға, жанар-жағармай - 15%-ға, энергетикалық көмірге -10%-ға, теміржол тасымалдарына - 18%-ға өсуі сияқты объективті факторлар бар. Олар отандық өндірістің құрылыс материалдары бағасының өсуіне тікелей әсер етті. Құрылыс материалдарының өзіндік құнындағы осы шығындардың үлесі 15-тен 30% - ға дейін құрайды.
«Бағаны көтерудің негізділігін қарау және сөз байласу белгілерін белгілеу мақсатында құрылыс материалдарының 25 түрі (кірпіш, бетон, арматура, цемент және т.б.) бойынша құрылыс материалдары нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіліп жатыр. Талаптарды бұзу белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 75 хабарлама жолданды. Бүгінгі таңда 42 компания хабарламаны орындады. Оның ішінде 35 компания бағаны төмендетті: арматураға – 25%, цементке – 10%, бетонға – 10%, полиэтиленді құбырларға – 6%, кабельге – 5-тен 14% - ға дейін, кірпішке - 3%. Сонымен қатар бұл бағытта 10 тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді агенттік басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, монополияға қарсы бақылау шараларының нәтижесінде республика бойынша баға өсуінің ай сайынғы тренді маусым айындағы 4,2 пайыздан шілде айында 1,7 пайызға дейін төмендетілді.