Серік Борамбаев Қорғаныс министрлігіндегі қызметінен босатылды

Фото: Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев қызметінен кетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі тағайындалғанын жазған едік.