Қонаев қаласы әкімдігінің мәліметінше, Серік Нұрқадыров 1975 жылы туған. Бұған дейін Алматы облыстық мәслихатының аппарат басшысы болған. Қонаев қаласының тұрғыны, ұлты – қазақ, кандидатты «АMANAT» партиясы ұсынған.
Еске салайық, Қонаевта шығып қалған мәслихат депутатының орнына халық қалаулысын сайлау өтіп жатқанын хабарлағанбыз. Депутаттыққа үміткер ретінде үш азамат: Серік Нұрқадыров, Біржан Чимчиков, Игорь Каплюков тіркелген болатын.
Сондай-ақ, Алматы облысы мәслихаты депутаттарының бірауыздан дауыс беруімен Қуат Сұлтанұлы Байғожаев Алматы облысы мәслихатының төрағасы болып сайланғанын хабарлағанбыз.