Ғалымдардың пікірінше, сол маңда үнділік жер қатпары Азиялық жер қатпарымен соқтығысып, тағы да қуатты жер сілкіністерін тудыруы мүмкін. Айта кетейік, орын алған табиғи апаттың болатынын мамандар 2001 жылы-ақ болжаған, бірақ оның нақты қай уақытта басталатынын ешкім дөп басып айта алмады.
Естеріңізге сала кетейік, Непалда тербелісі 7,9 баллға жеткен жойқын зілзала 25 сәуір күні таңертең болды. Оның кіндігі ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырым жерде, 15 шақырым тереңдікте болды. Бұдан кейін күндіз Непалда бірнеше жерасты дүмпуі болып, оның ең қуаттысының күші 6,7 баллға жетті. Жер сілкінісінің құрбандары саны қазіргі таңда 7 мың адамнан асты, 14397 адам жарақаттанған.