Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Есет Аманбаевтың айтуынша, аудандармен қатар Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежайда да құрылымдық бөлімше ашылады.
- 2026–2030 жылдарға арналған облысты дамыту жоспарына өзгерістер енгізілді. Шағын авиацияны дамыту нысаналы индикаторында үш іс-шара бар. Біріншіден, аэродромдардың құрылысы. Шалқарда екі, Мұғалжар, Ырғыз және Байғанин аудардарында бір-бірден аэродом салынады. Екіншіден, Ә.Молдағұлова халықаралық әуежайы базасында құрылымдық бөлімше ашылады. Мұнда ұшқыштар, қызмет көрсетуші мамандар топтастырылады. Үшіншіден әуе кемесін сатып алу керек,- деді Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Есет Аманбаев.
Ақтөбе облысы бойынша жоба алдымен Шалқар қаласында іске асырылады. Бұл жол қысқартумен қатар шұғыл медициналық көмекке тиімді. Ішкі туризм мен кәсіпкерлікті дамыту жоспарланып отыр.
Еске салсақ, Үкімет басшысы Олжас Бектенов елде шағын авиацияны дамыту қажет екенін айтты. Ал кадрларды даярлау кезінде авиация саласындағы қолданыстағы оқу орталықтарын пайдаланған жөн деп санайды.