Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында қола алды
АСТАНА. KAZINFORM - Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында өткен шағын футболдан әуесқойлар арасында Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.
Ел құрамасы жартылай финалда Франциямен ойнады. Кездесу барысында қазақстандықтар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 7:2 есебімен басым түсіп, құрлықтық додада үздк үштікті түйіндеді.
Ел құрамасы топтық кезеңде Англия (7:0) және Украинаны (3:2) жеңсе, Грекияға (0:1) есе жіберіп қойды. Ал 1/8 финалда Словенияны (1:0) орта жолда қалдырды. Одан кейін Әзербайжанмен кездесуінде негізгі кезеңі 0:0 есебімен аяқталып, қазақстандықтар қарсыласын пенальти сериясында 7:6 есебімен жеңіп кетті.
Ал жартылай финалдағы Румыниямен кездесуде негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында қарсыластарға 1:3 есебімен жол берді.