Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде таратылған мәліметтерде хабарланды.
«2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында шағын және орта бизнесте белсенді субъектілердің жалпы саны 32,5 мың бірлікті құрады, сондай-ақ осы салада қызмет ететіндер 116,7 мың адамға жетті. Өндірілген өнім көлемі 314,9 млрд. теңгені қамтыды. Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен төлемдер 80 млрд. теңгеге жуық қаржыны құрады»,-делінген облыс мәліметінде.
2012 жылы осы өңірде шағын және орта бизнес субъектілері 380,7 млрд. теңгенің өнімін шығарды.