«2025 жылға қарай ауыл мектептерін білікті педагогтармен 100 пайыз қамтамасыз етуіміз қажет. Осы тұрғыда шағын жинақты мектептер педагогтарының еңбекақысын төлеудің жаңа жалақы төлеу жүйесіне көшу жоспарлап отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, ауыл мектептеріндегі педагогтар 2021 жылдан бастап – 18 сағаттық жүктемеден 16 сағаттық жүктемеге, 2024 жылдан бастап – жаңа жүйеге көшуі қажет.
«Сонымен қатар ауылға жұмысқа келген қалада оқыған жас мамандарды ыңталандыру үшін жұмысты өтеу мерзімін қысқарту, ауыл оқушылары үшін «цифрлық репетитор» жобасын енгізу қарастырылуда», - деді министр.