11 партия тартысты өтті. Нәтижесінде бір жарым сағаттан кейін, 39-ыншы жүрісте гроссмейстерлер ойынды тең есеппен аяқтады.
Матч соңына дейін үш партия қалды. Есеп әзірге ресейлік шахматшының пайдасында – 6:5.
Кеше Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь 10-партияны ойнағанын жазған едік.
Регламентке сәйкес әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан құралған. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «өлім партиясы» бар.
Еске салайық, Астанада 7 сәуір - 1 мамыр аралығында шахматтан әлем чемпионаты өтуде. Онда ресейлік Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласып жатыр.