Шахматтан әлем чемпионаты: Оныншы партияда Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь тең түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы атағы үшін матчтың 10-ойынында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен қытайлық шахматшы Дин Лижэнь тең ойынға қанағат білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада 7 сәуір - 1 мамыр аралығында Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласып жатыр.

Бүгін, 23 сәуірде өткен кездесуде қарсыластар тең нәтижеге қанағат білдірді. Осылайша жалпы есеп ресейлік шахматшы 5,5:4,5 есебімен алда келеді.

Енді ертең, 24 сәуірде он бірінші партия өткізіледі.

Регламентке сәйкес әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан құралған. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «ақырғы партия» бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстанның шахматшы қыздары әлем құрамасынан жеңіліп қалды.


Соңғы жаңалықтар
telegram