АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахматтан ФИДЕ (WGP) әйелдер арасындағы Гран-при жарысының бірінші кезеңі мәресіне жетті. Онда бақ сынаған қазақстандық Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік қай орынға ие болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астана қаласында өткен Гран-при жарысында қазақстандық шахматшылар алғашқы ондықта болды.
Жарыс барысында Жансая Әбдімәлік бесінші орын алса, Бибісара Асаубаева оныншы орынға жайғасты.
Жарыстың соңғы турында Жансая польшалық Алина Кашлинскаяны жеңсе, Бибісара қытайлық Чжу Цзиньэрмен тең ойнады.
Он бір партия нәтижесі бойынша Жансая Әбдімәліктің еншісінде 2 жеңіс, 7 тең ойын және 2 жеңіліс болса, Бибісара Асаубаевада 1 жеңіс, 7 тең ойын және 3 жеңіліс бар.
Гран-при сайысын сегіз ұпай жинаған ресейлік Екатерина Лагно жеңіп алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.