Жансая Әбдімәлік ФИДЕ Гран-приінің көшбасшысымен тең ойын көрсетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахматтан ФИДЕ (WGP) әйелдер арасындағы Гран-при жарысының бірінші кезеңі тоғызыншы турында қазақстандық Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік кезекті ойынын тең нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған сайыстың тоғызыншы турында Жансая Гран-при үздігі ресейлік Александра Горячкина, Бибісара германиялық Динара Вагнермен кездесті.

Жансаямен тең ойыннан кейін ресейлік шахматшы бірінші орыннан төмен түсті.

Гран-при жарысында қос шахматшымыздың еншісінде 1 жеңіс, 6 тең ойын және 2 жеңіліс бар. Жансая жетінші орнын сақтап қалса, Биібсара оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілді.

28 қыркүйекте Жансая турнирдің тағы бір үздігі - ресейлік Екатерина Лагномен кездессе, Бибісара германиялық Элизабет Петцпен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын сегізінші тур нәтижесін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар