АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінде 38 жастағы әйел суға кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 шілде күні Теректі ауданы Сарыөмір ауылы маңындағы Шалқар көлінде болды.
«Сағат 19.19-да Шалқар көлінде жел салдарынан матрацтағы бір адамды толқын алып бара жатқаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен БҚО ТЖД жедел құтқару жасағы 38 жастағы әйелді аман алып қалды. ТЖ департаменті суға шомылу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін еске салады», - деп хабарлады ведомстводан.
Департаменттен алынған мәліметке қарағанда, биыл жыл басынан бері өңірде 6 адам суға кеткен.
Бүгінгі әйелді қосқанда, 10 адам құтқарылса, соның жетеуі – бала.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында көпқабатты үйдің өртенгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).