Шәмші Қалдаяқов ауылында әрбір бесінші сайлаушы сауалнамаға жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов ауылының халқы сайлауда дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов ауылы №253 Пацаев атындағы орта мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дәстүрлі түрде сағат 7.00-де дауыс беру басталды.

Халықтың көңіл-күйі жақсы, дауыс берушілер санитарлық нормаларды сақтап, кезекпен келіп өз даусын беріп жатыр.

Сайлау учаскесінде «Қоғамдық пікір институты» қоғамдық бірлестігінен сауалнама жүргізуге Сәуле Жомартова келді.

Дауыс беріп шыққан әрбір бесінші адамға сауалнама жүргізіп отыр.

Халық арасында наразылық жоқ.