Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогі кезеңі: қазақстандықтардың нәтижесі

АСТАНА. KAZINFORM – Инсбрук (Австрия) қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің кезекті кезеңі аяқталды.

Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, сайыстың финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасының екі спортшысы қатысты. Нәтижесінде Илья Мизерных 20-орынды иеленді. Данил Васильев 33-ші болды.

Айта кетейік, бұл кезең алдыңғы екі кезең сияқты «Төрт тұғыр турына» кіреді. Турнирдің аяқталуына дейін бір әлем кубогінің кезеңі қалғанда Мизерных жалпы есепте 22-ші орында, ал Васильев - 38-ші орында келе жатыр.

Словакиялық Домен Превц көш бастап тұр.

Айта кетейік, Қазақстан семсерлесуден жасөспірімдер арасындағыәлем кубогі кезеңін екі медальмен аяқтады.

София Актаева семсерлесуден әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.