Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысын бопсалады деген күдікке ілінген Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.
— Жедел уәкілдермен ер адам ұсталды, ол шаруа қожалығының басшысын қорқытып, миллион теңге бопсалаған. Қорқытып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда. Күдікті қамауға алынды, — деп атап өтті Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығының м. а. Аслан Абылов.