Шатдаун: АҚШ-та 1400-ден астам рейс тоқтатылды

Фото: ВВС

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тағы авиакомпанияларға тасымалдау көлемін азайту туралы нұсқау берілгеннен кейін 1400-ден астам ішкі және халықаралық рейсі тоқтатылды. Бұл туралы ВСС агенттігі жазды. 

FlightAware ұшуды бақылау қызметінің мәліметінше, жұма күні 7 мыңнан астам рейстің кешкені тіркелген.

Осы аптаның басында Федералды авиация басқармасы (FAA) елдің ең көп жұмыс істейтін 40 әуежайында әуе тасымалының өткізу қабілеттілігін кем дегенде 10% қысқартқанын жариялады. Өйткені шатдаун кезінде ақысыз жұмыс істейтін әуе диспетчерлері шаршадық деп шағымданған.

Республикашылдар мен демократтар Конгресстің тығырықтан қалай шығуы туралы әлі де бір келісімге келмеді. Биыл 1 қазанда жарияланған шатдаун әлі аяқталған жоқ.

Айта кетейік, Дональд Трамп шатдаун кезінде азық-түлік маркаларын қаржыландыруды көздейтінін айтқан болатын.