Шатыр ұшып, ағаш құлады: Ақтөбеде дауылдан кейін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Қатты дауыл кезінде Ақтөбеде 2 көпқабатты, 5 жер үйдің шатыры ұшты. Қазір бірнеше тұрғын алап жарықсыз отыр.

Фото: видеодан алынған скрин

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін қалада солтүстік-шығыстан соққан жел бағыты оңтүстік-батысқа ауысты. Арты қатты дауылға ұласып, желдің екпіні 30м/с жетті. Сол кезде коммуналдық қызмет бригадалары күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде нөсер жауыннан соң 100-ден астам ассенизатор тәуліктік кезекшілікке шығарылды.