БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының ресми ашылу рәсіміне келген UFC ұйымында өнер көрсететін танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты Бейжіңде оқып жатқан қандас студенттер қонақүйдің кіреберісінде «қоршап» алды. Олар спортшыдан қолтаңба сұрап, онымен естелік суретке түсті.
Қытай астанасында өтіп жатқан іс-шараның ашылу салтанатына Шавкат Рахмоновтан бөлек Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен Олимпиада жүлдегері Қанат Ислам да келген болатын.
Айта кетейік, 28-29 наурыз аралығында Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанаты өтеді. Осыған орай, Қазақстаннан Бейжіңге 600-ге жуық арнайы делегация ұшып келген болатын.
Еске салсақ, танымал боксшы Қанат Ислам Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының ашылу рәсімінің алдында Kazinform тілшісіне сұхбат берген болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.