АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Барыс» командасының қатысуымен Ресейдің Омбы қаласында өтетін Блинов кубогының ойын кестесі белгілі болды.
Биыл отызыншы мәрте жалауын көтеретін турнир 20-26 тамызда Омбы қаласындағы «G-Drive Арена» спорт кешенінде болады. Оған елордалық клубтан өзге Ресейдің «Авангард» (Омбы) «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір) және «Трактор» (Челябі) командалары қатысады.
«Барыстың» ойын кестесі (Астана уақытымен):
21 тамыз. 18:30. «Авангард» - «Барыс»
22 тамыз. в 14:00. «Барыс» - «Сибирь»
24 тамыз. 14:00. «Трактор» - «Барыс»
25 тамыз. 11:00. «Барыс» - «Локомотив».
Еске салсақ, былтыр «Барыс» шайбалы хоккейден Блинов турнирінде жеңімпаз атанды.
Айта кетсек, биыл Дэвид Немировски «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Канадалық маманмен жасалған келісімшарт бір жылға есептелген.
Дэвид Немировски Құрлықтық хоккей лигасында 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.