Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Негізінен латвиялық хоккейшілердің белсенділігі айқын аңғарылып тұрды. Нәтижесінде бірінші кезеңде қазақстандық құрама қақпасына екі шайба соғып кетті. Бұл голдарды Рихард Букартс - 15, Оскар Багня 17-минутта өз еншісіне жазды.
Екінші кезеңде латвиялықтар Мартиныш Дзиеркалс - 21, Родриго Аболс - 29, Микс Индрашис 39-минутта гол соқты.
Ал үшінші кезеңде латвиялық Каспарс Даугавиньш - 49, Родриго Аболс 51-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша Қазақстан қарсыласына 0:7 есебімен жол берді.
Айта кетейік, Қазақстандық хоккейшілер биылғы әлем чемпионатында бес кездесу өткізді. Бұған дейін буллитте Норвегияны 4:3 есебімен жеңді.
Одан кейін Чехиядан 1:5, Швейцариядан 0:5, Канададан 1:5 есебімен жеңіліп қалды.
Ал Словакияны буллитте 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Енді қазақстандық хоккейшілер 22 мамырда Словениямен кездеседі.
20 мамырда өткен өзге ойын нәтижелері төмендегіше:
А тобы
АҚШ - Дания 3:0
Австрия - Финляндия 1:3
Швеция - Франция 4:0
В тобы
Норвегия - Чехия 0:2
Канада - Швейцария 2:3