Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік хоккейде жоғары бағаланатын Канада құрамасы биыл да сәтті ойын көрсетіп келеді. Жанкүйер көкейінде негізінен еліміздің хоккей түлектерінен жасақталған Қазақстан оларға қандай деңгейде қарсылық көрсете алады деген сауал болғаны анық.

Кездесу басынан үйеңкі жапырақты елдің өкілдері басым ойнауға тырысты. Небәрі 19-секундта канадалық Маккензи Уигар есеп ашып кетті. Одан кейін Лоусон Круэ 5, 7-минутта есепті үстемелей түссе, 9-минутта қазақстандық Әділ Бекетаев есеп айырмасын қысқартты.

Ал канадалық Джо Велено 19, Сэмми Блэ 41-минутта басымдықты арттырды.

Осылайша Қазақстан қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.

В тобында сынға түсіп жатқан қазақстандық хоккейшілер бұған дейін буллиттен Норвегияны 4:3 есебімен жеңді.

Одан кейін Чехиядан 1:5 , Швейцариядан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Енді қазақстандық хоккейшілер 19 мамырда Словакиямен кездеседі.

Сондай-ақ, 17 мамырда В тобында Латвия Норвегияны 2:1 есебімен жеңді.

Ал А тобында АҚШ құрамасы Австрияны 4:1, Финляндия Францияны 5:3 есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар