Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Словенияға есе жіберді

Фото: icehockey.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында словениялық хоккейшілері қатарынан екі гол соғып кетті. Оған қазақстандық қыздар бір голмен жауап қайырды. Салдарынан қарсыласына 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қос құрама алғашқы турда жеңіліп қалған еді. Қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияға 0:1 есебімен есе жіберді.

Ал Словенияға Польша 0:2 есебімен жол берді.

Ел құрамасы Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея хоккейшілерімен А тобына жолдама алу үшін сайысады. Жоғары дивизионға жеңімпаз көтеріледі.

Айта кетсек, 17-23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында ойындар өткізіледі.

Енді қазақстандық хоккейшілер 20 сәуірде Италиямен шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 12:45-те басталады.