11:55, 17 Сәуір 2023 | GMT +5
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Ұлыбританиядан жеңілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасы 17-23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында сынға түседі.
Кездесу барысында алғашқы екі кезеңде құрамалар бір-бірінің қақпасына гол соға алған жоқ. Үшінші кезеңде ұлыбританиялық хоккейшілер енгізген жалғыз гол кездесу тағдырын шешті.
Ел құрамасы Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея хоккейшілерімен А тобына жолдама алу үшін сайысады. Жоғары дивизионға жеңімпаз көтеріледі.
Енді қазақстандық хоккейшілер 18 сәуірде Словениямен шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 09:15-те басталады.