Гран-при сериясының алты кезеңінің қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров жалпы есепте 22-орынға, ал Софья Самоделкина 14-орынға тұрақтады.
Финалдық кезеңде ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан алты спортшыдан өнер көрсетеді.
Ерлер арасында жүлдеге АҚШ өкілі Илья Малинин, жапониялық Као Миура, франциялық Кевин Эймоз, эстониялық Михаил Селевко, франциялық Адам Сяо Хим Фа және италиялық Даниэль Грассль таласады.
Әйелдер арасындағы жарыста Жапония атынан Мао Шимада, Ами Накаи және Моне Чиба өнер көрсетеді. Сондай-ақ финалға ресейлік Александра Трусова, эстониялық Нина Петрыкина және Грузия атынан сынға түсетін Анастасия Губанова қатысады.
Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың бапкері Алексей Урмановпен ресми түрде қоштасқаны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Шайдоровтың жаттықтырушысы ауысуына қатысты пікір білдірген болатын. Министр олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жаңа олимпиадалық циклге байланысты жаттықтырушылар құрамын өзгертуге құқылы екенін айтқан еді. Ал оның бұрынғы бапкері Алексей Урмановпен келісімшарт тоқтатылғанымен, федерация маманмен байланысты үзбейтінін хабарлаған болатын.