Бұл туралы әлеуметтік желіде ата-аналардың бірі жазды. Оның айтуынша, 50-ге жуық бала ауруханаға жатқызылып, мектеп 3 күнге карантинге жабылған.
Аталған жазбаға Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы пікір білдірді. Мекеме биыл 12-13 аралығында РФММ мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен емханаға жатқызылғанын растады.
— Қазір олардың бәрі дәрігерлердің бақылауында. Интернатта тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды, — делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ қазір мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге сынамалар алғаны атап өтілді.
Еске салайық, бұған дейін алматылықтар қала орталығындағы балабақшаның жөндеуге жабылуына наразылық білдірді.