Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі құзырлы органдармен бірлесе отырып, Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында ауқымды жұмыс жүргізді. Шекара кеңістігінде ұсталғандардың арасында 2 791 шетел азаматы бар.
Сонымен қатар шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 267 фактісі тоқтатылды. Алдын алынған заңсыз өнімнің жалпы сомасы 2,1 миллиард теңгеден асады.
Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 119 фактісінің алды алынды. Оның ішінде 88 километр браконьерлік құрал, сондай-ақ 933 килограмм (187 дана) бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Осылайша мемлекетке келетін 413 миллион теңгеден астам шығынның алды алынды.
Шекара қызметі өз құзыреті шеңберінде 47 қылмыстық іс қозғап, тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оған қоса 35 миллион теңгеден астам айыппұл салынған 3 021 әкімшілік іс өндірісте тұр. Қалған фактілер бойынша материалдар тиісті шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Осыған дейін құны 100 млн болатын құстарды шекарадан алып өтпек болған адам ұсталғаны туралы жаздық.