Шекара қызметі жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 411 дерегін анықтады

АСТАНА. KAZINFORM - Шекара арқылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың 551 фактісінің жолы кесілді

Фото: ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс істеліп жатыр.

1-10 тамыз аралығында шекара арқылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың 551 фактісінің жолы кесілді.

Атап айтқанда, жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып шығудың 411 әрекетіне, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды өткізу тәртібін бұзудың 140 фактісіне жол берілмеді.

Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Айта кетелік шекарада 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталған еді