Шекара қызметі академиясында 10 тапанша жоғалуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекара қызметі академиясында 10 тапанша жоғалуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл жайында ҚР Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясында 10 пистолет жоғалды. Соған байланысты Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл оқиға атыс алаңындағы жаттығулар кезінде орын алған.

«Қазіргі уақытта атыс қаруының ұрлануы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іздестіру шаралары да қолға алынды», - деді Садубаев.