Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілер ҰҚК өкілінен шекара қызметінің директоры болған Дархан Ділмановке қатысты іс жайында сұрады.
«Іс әлі сотқа жолданған жоқ. Қазір іс деректерімен таныстыру жүріп жатыр», - деді Марат Қалқабаев.
Сонымен қатар ол іс бойынша басқа мәліметті жариялай алмайтынын айтты.
Еске сала кетейік, былтыр маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Дархан Ділманов және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.
Былтыр 5 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Д. Ділманов лауазымынан босатылды.