Шекарадағы заңсыз делдалдар: Ұлттық қауіпсіздік комитеті 17 күдіктіні ұстады

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл 12 маусымда Түркістан облысында ҰҚК полициямен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтың заңсыз қызметінің жолы кесілді.

Фото: ҰҚК

Тергеу мәліметтері бойынша, топ мүшелері мемлекеттік шекара арқылы өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыз делдалдық қызметтер ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Фото: ҰҚК

Жиналған материалдардың негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту барысында 5 бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Фото: ҰҚК

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Шекараны заңсыз жаяу кесіп өткен шетелдік Ақтөбеде ұсталғанын жазған едік.