Тексеру барысында одан контейнер түрінде скотчпен оралған 21 түйіншек табылып, алынды. Күдікті азамат оларды арқасына жапсырып алған. Тәркіленген «гашиштің» салмағы 349,56 грамды құрайды. Бұл аса ірі көлемдегі есірткі заты болып есептеледі.
Күдіктінің айтуынша, есірткі затын ол жеке басына қолдану үшін Жамбыл облысы Шу қаласындағы белгісіз ер азаматтан алып, оны РФ Нефтеюганск қаласына алып кетпекші болған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 250 бабының 4 бөлімі (Өте ірі мөлшерде есірткі немесе психотроптық заттарға байланысты жасалған әрекеттер) және 259 бабының 1 бөлімі (Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған азамат Петропавл қаласындағы Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.