«Норматив бойынша кез келген көлік өткізу бекетінде адамды тексерудің регламенті 3 минутке дейін деп белгіленген. Жеңіл автокөлікке 15 минутке дейін, жүк көлігіне 30 минутке дейін және автобустарға жолаушының көптігін ескеріп, 45 минутке дейін регламент көзделген», - деді Ерлан Алдажұманов.
Шекара қызметінің директоры бұл регламент шекара қызметіне ғана қатысты екенін ескертті.
«Норматив барынша қысқартылған деп айтуға болады. Заңнаманы бұзбау үшін бір адамды тексеруге шашамен 1 минут кетеді. Өйткені адамның төлқұжат деректері тексеріледі. Мұндай нормативті орындау мүмкін болып отыр деуге келеді», - деді ҰҚК өкілі.