25наурызда ҰҚК қызметкерлері ШығысҚазақстан облысы Шемонаиха қаласында интернеттің көмегімен синтетикалықесірткі заттарын өткізумен айналысқан Қазақстан Республикасының азаматтары 53 жастағы Корнева Валентина мен 33 жастағы Лещенко Евгенияны құрықтады.
29шілдеде Шығыс Қазақстан облысыныңмамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қылмыскерлерге қатысты үкім шықты. Сот үкімінесай В.Корнева мен Е.Лещенко ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмысжасағандары үшін кінәлі деп танылды.
В.Корнева - 8,3жылға, Е.Лещенко - 7,5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын орташа қауіпсіз мекемеде өтейтін болды.
Оған қоса, аталғансот үкімімен В.Корневаның қылмыстық жолмен тапқан 15 млн теңгеге жуық мүлкі мемлекетпайдасына тәркіленді.