Шерхан мен Шива: Қарағанды хайуанаттар бағында жаңа туған жолбарыстарға ат қойылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды хайуанаттар бағында қала тұрғындарының көмегімен жаңа туған жолбарыстарға есім таңдалды. Жолбарыс күшіктерін атауға барлығы 400 адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Photo: press service of the Karaganda Zoo

Қарағандылықтар әртүрлі атаулар ұсынған: Хан және Тәңірі, Кара мен Ганди, Бархан мен Сахара, Люк пен Лея және тағы басқалар.

Көп талқылаудан кейін жолбарыстардың аталығына Шерхан, ал ұрғашысына Шива деген есім қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Қарағанды хайуанаттар бағында 15 жылда алғаш рет жас жолбарыстардың жұбында ұрпақ пайда болды. Батыр мен Миа ата-ана атанды. Жолбарыстарға ат қою уақыты келгенде хайуанаттар бағы дәстүр бойынша келушілер арасында байқау жариялады.